Airbus ұшақтарына қатысты жағдайға байланысты Call-орталық іске қосылды

АСТАНА. KAZINFORM — Air Astana және FlyArystan рейстерінің кешігуі кезінде жолаушыларға көмек көрсету мақсатында жедел Call-орталық тәулік бойы жұмыс істейтін болады, деп хабарлайды Азаматтық авиация комитеті.

Астанада алаяқтықпен айналысқан «Call-центр » ұйымдастырушылары ұсталды
Фото: pexels.com

Комитеттің ақпаратына сәйкес, қазір инженерлік қызметтер Air Astana және FlyArystan әуе компанияларының KC 931 және FS 7063 рейстеріне тартылған екі ұшақта бағдарламалық қамтамасыз етуді жаңартты.

— Қалған әуе кемелерінде жаңарту жұмыстары жоспарлы кезең-кезеңімен жалғасып жатыр және жуық арада толық аяқталады. Барлық процедуралар Airbus ұшу жарамдылығы жөніндегі директивасына қатаң сәйкестікте, әуе компаниялар мамандарының, Азаматтық авиация комитеті мен Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің тікелей бақылауымен жүргізіледі. Барлық қызметтер тәулік бойы жұмылдырылып, жаңарту процесін мүмкіндігінше тез аяқтау және әуе қауіпсіздігін толық қамтамасыз ету бағытында жұмыс істеп жатыр. Ұшу қауіпсіздігі — басты басымдық. Жүргізіліп жатқан жұмыстар әуе кемелерінің қауіпсіздігін арттыруға бағытталған, — деп түсіндірді ведомство.

Азаматтық авиация комитеті және Қазақстанның авиациялық әкімшілігі бірлесіп, рейстердің кешігуі кезінде жолаушыларға көмек көрсету мақсатында тәулік бойы жұмыс істейтін жедел Call-орталықты іске қосты. 

Рейс бойынша қажетті ақпарат алу үшін жолаушыларға төмендегі байланыс нөмірлеріне хабарласу ұсынылады:

Air Astana: +7 (727-24) 4-44-77, +7 (717-25) 8-44-77, +7 (702-70) 2-44-77

FlyArystan: +7 727 331 1010 (WhatsApp: +7 (702-70) 2-02-27

SCAT: +7 (725-29) 9-88-80

Qazaq Air: +7 (727-35) 6-14-14

«Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ: +7 (717-27) 9-82-13

«Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ: +7 (717-27) 0-29-99

«Алматы халықаралық әуежайы» АҚ: +7 (727-22) 8-00-19

Жолаушыларға рейстерінің соңғы мәртебесін ұшу алдында әуе компаниялардың ресми сайттарынан тексеріп отыру ұсынылады.

Бұдан бұрын Airbus ұшақтарындағы бағдарламалық жасақтама жаңартуы ұшу кестесіне әсер етіп, рейстердің кідіруіне себеп болуы мүмкін екені айтылды.

Соңғы жаңалықтар