Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

«Ақ бұлақ» бағдарламасы бойынша сумен қамтамасыз етудің 238 жобасы жүзеге асады

АСТАНА. 13 тамыз. ҚазАқпарат - «Ақ бұлақ» бағдарламасы бойынша ауылдарда 360 шақырым су құбыры желісі салынады және қайта жөнделеді, сондай-ақ сумен қамтамасыз етудің 238 жобасы жүзеге асырылатын болады. Бұл туралы Pm.kz сайты хабарлайды.

«Ақ бұлақ» бағдарламасы бойынша сумен қамтамасыз етудің 238 жобасы жүзеге асады

Сайттың хабарлауынша, 2012 жылы «Ақ бұлақ» бағдарламасы аясында қалалық сумен жабдықтау бойынша 43,3 млрд. теңгенің 104 жобасы жүзеге асатын болады. Ал дәл осы бағытта ауылдық елді мекендерді сумен жабдықтау аясында 33,9 млрд. теңгеге 233 жобаны жүзеге асыру көзделеді.

Бұдан бөлек, ауылдық елді мекендерде сумен жабдықтаудың 356 жүйесіне зерттеу шаралары көзделсе, қазірдің өзінде бұның 230-ы аяқталған.

Сонымен қатар, сумен жабдықтау саласында жөндеу және жаңғыртудың инвестициялық жобаларынан бөлек, мемлекеттік-жеке меншіктік әріптестікті дамыту мәселесіне салмақ салынатын болады.