«Ақ бұлақ» бағдарламасының тарифтері ақылға қонымды болуы керек - сарапшы

«Жоба (қоғамдық мониторинг жүргізу жобасы - агенттік) елді мекендердегі су құбырларын салу және қайта құрастыру қызметтерінің сапасын жақсартуға, қоғамдық мониторинг тетіктерін жолға қоюға, қоғамдық бағалау мәдениетін дамытуға, мемлекеттік бағдарламалар мен жобаларды жүзеге асыру кезіндегі сыбайлас жемқорлық оқиғаларын алдын алуға, сарапшылардың әлеуетін нығайтуға және Қазақстанның басқа өңірлерінде қоғамдық бақылау жүргізудің алғышарттарын жасауға бағытталған. Қоғамдық пікірдің маңызына тоқталсам, мысалы, Ақтөбе облысында тариф мәселесі өзекті болды. Тариф - халықты алаңдататын тетіктердің бірі. Менің ойымша, тек біздің облыс қана орталықтандырылған су құбырына қосу үшін халықтан 30 мың теңге ақша жинаған шығар. Шын мәнінде, әрбір үйге су құбыры тартылып қойған еді, яғни, кранды ашу үшін ғана әрбір отбасыдан 30 мың теңге жинаған. Әрине, біраз адам бұл ақшаны төлеген, бірақ, су кранын іске қостыру үшін талай кабинеттің табалдырығын тоздырған. Ал, облысымыздың басқа бір ауылында 30 мың теңге жинаған кезде, халық наразылық білдіре бастаған. Ақыр соңында, тариф 17 теңгеге, қазір 4 мың 200 теңгеге түсті. Міне, қоғамдық пікір осындай күшке ия. Мониторинг жүргізудегі негізгі мақсатымыздың бірі - міне, бағдарламаның заң аясында дұрыс орындалуын тексеру»,-дейді М. Цыганкова.
Оның айтуынша, мердігерлер мен халық арасында байланыс орнатып, мердігердің жұмысы халық алдында жариялы түрде жүргізілуі керек. «Ең бастысы, бағдарламаның тарифтері ақылға қонымды болуы керек»,-деп атап өтті ол.
Естеріңізге сала кетейік, 2011-2020 жылдарға арналған «Ақбұлақ» бағдарламасының мақсаты бірінші кезекте халықты сапалы ауызсумен және су тарту қызметтерімен қамтамасыз етуді көздейтінін еске саламыз. Бағдарламаның бірінші кезеңі 2011-2015 жылдарға арналды. 2015 жылдың қаңтарынан бастап «Ақбұлақ» «Аймақтарды дамыту» бағдарламасына енгізілді. 2011 жылдан бастап «Ақбұлақ» бағдарламасын жүзеге асыруға 335 миллиардтан аса теңге бөлінді.