Ақылбек Күрішбаев: Ғылымға бөлінетін ақшаның 70 пайызы Алматы мен Астанада қалып жатыр
АСТАНА. KAZINFORM – ҚР Президенті жанындағы Ұлттық академиясының президенті Ақылбек Күрішбаев Jibek Joly телеарнасының «Уәде» бағдарламасында ғылымға бөлінген қаржының қызығын кімдер көріп отырғанын айтты.
- Біздегі ғалымдардың 61 пайызы, ақшаның 70 пайызы Алматы мен Астанада шоғырланған. Мұндай жағдайда өңірлер қала дамып, ғылым қалай алға басады? Қаныш Сәтбаев академияны басқарып тұрғанда өзгерісті әрбір облыста ғылыми зерттеу институттарының филиалын ашты. Сөйтіп өңірлік ғылымды дамытты. Біз соны қазір ұмыттық. Бұрын әкімдер ғылымға қаражат бөлмейтін. Жаңа Бюджет кодексінде ол міндет бекітілген. Сондай-ақ, әкімдердің жанында ғылымды дамыту кеңестері құрылады.
Осы арқылы ғылымға бөлінетін ақшаның екі қалаға ғана шоғырлану мәселесін шеше аламыз. Нағыз қолданбалы ғылым өңірлерде даму керек. Сонда бәрі орнына келеді. Заманауи модель деп отырғаным осы, - деді Ақылбек Күрішбаев.
Академия президентінің айтуынша, әлемдік ғылымдағы үлкен жаңалықтар пәнаралық зерттеулердің негізінде жасалып жатыр.
- Бізде де ірі жобалар іске асырылу керек. Ал қазір біздің жобалардың бәрі – ұсақ. Орысша айтқанда, «мелкотемье». Сол үшін ғылыми жобалардың сараптамасын академиктер істейтін болды. Нысаналы бағдарламалық жобалар бар. Солардың 27 пайызында бір жобаға бір өтініш келеді. Бұл дегеніңіз бір институтқа – бір жоба. Бәсеке болмаған соң сапа қайдан болады? Кейбір жобаларды қарап отырып ойға қалам, біздегі ғылымды қолдау саясаты әлеуметтік көмек болып кеткен сияқты.
Осыны өзгерту үшін біз үлкен пәнаралық зерттеулердің техникалық тапсырыстарын уәкілетті министрлікке жолдап отырмыз. Біз қазір Назарбаев университетпен коллаборация жасап жатырмыз. Кезінде мемлекет оны дамытуға жақсылап тұрып ақша бөлді. Енді соны ғылымды дамытуға пайдалану керек қой. Біздің әлеуеті бар, солардың әлеуеті бар, басқа да университеттермен бірлесіп консорциум құрамыз.
Осы арқылы ғылымға бөлінетін ақшаның екі қалаға ғана шоғырлану мәселесін шеше аламыз. Нағыз қолданбалы ғылым өңірлерде даму керек. Сонда бәрі орнына келеді. Заманауи модель деп отырғаным осы, - деді ол.
Еске салсақ, биыл 27 наурызда «Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы» республикалық қоғамдық бірлестігінің таратылатыны ресми мәлімделген болатын.