Ақмарал Ерекешева Чехиядағы Гран-Придің күміс жүлдесіне ие болды
АСТАНА. KAZINFORM - Көркем гимнастикадан жасөспірімдер арасында әлем чемпионы, ересектер арасындағы әлем чемпионатында өзінің жақсы қырынан көрсете білген Ақмарал Ерекешева Grand Prix BRNO жарысының көпсайысында үздік үштікке енді, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Отандасымыз өз мансабындағы жеке рекордын жаңартып, 116.500 (Франкфурттағы әлем чемпионатында 115.800 ұпай) ұпай жинады.
1.Таисия Онофрийчук (Украина) - 117.900 ұпай
2.Ақмарал Ерекешева (Қазақстан) - 116.500 ұпай
3.Лилиана Левинска (Польша) - 108.250 ұпай Аталмыш дода 13 қыркүйекке дейін жалғасады.
Енді спортшымыз төрт бағдарлама бойынша жекелей сайыстың финалында өнер көрсетіп, жүлдеге таласады.
Айта кетейік, Ақмарал Ерекешева Жапонияның Аичи префектурасы мен Нагоя қаласында өтетін ХХ жазғы Азия ойындарында Қазақстан құрамасы сапында бақ сынайды. Аичи-Нагоядағы көркем гимнастиканың бәсекесі 1-3 қазанға жоспарланған.
Ақмарал Ерекешева әлем чемпионатында ТОП-5-ке кірген болатын.