Ақмол ауылында аптасына бір рет тегін азық-түлік тарататын дүкен жұмыс істейді

«Мейірім» дүкені 2018 жылы мемлекеттік-жекешелік әріптестік бойынша «Акмол береке» серіктестігі ашқан. Оған мүмкіндігі шектеулі жандардың қоғамдық бірлестігінің мүшелері, жеке кәсіпкерлер, аудандық ветеринария бөлімі үлес қосқан. Дүкен жұмыс ашылғаннан бері мұндағы азық-түлік бағасы бірде бір рет көтерілмеген.
«Аптаның әр жұма күні ауданның мұқтаж жандарына 200 бөлке нан тегін беріледі. Бұдан бөлек, әлеуметтік жағынан аз қамтылған 50-ден астам адамға аптасына бір рет азық-түлік өнімдері салынған себет тегін таратылып отырады», - дейді «Мейірім» серіктестігінің директоры, Целиноград ауданындағы «Болашақ» мүмкіндігі шектеулі жандардың қоғамдық бірлестігінің төрағасы Амангелді Қапанов.
Дүкен иесінің айтуынша, сауда орнында мүмкіндігі шектеулі жандар мен мүгедек балалардың ата - аналары жұмыс істейді. Алдағы уақытта дүкен маңынан әлеуметтік дəріхана ашу жоспарда бар. Онда да мұқтаж жандарға дəрі-дəрмек 30 пайыз жеңілдетілген бағамен босатылатын болады.
Бұдан бөлек, Қосшы, Қоянды, Талапкер және Қараөткел ауылдарында осындай 4 әлеуметтік дүкен ашу жоспарланып отыр.