Ақмола облысында 15 жастағы қыз өзіне қол жұмсады: полиция іс қозғады

КӨКШЕТАУ. KAZINFORM – Ақмола облысында 15 жастағы жасөспірім қыз асылып қалды. Полиция өз-өзіне қол жұмсау дерегі бойынша іс қозғады.

 Ақмола облысында 15 жастағы қыз өзіне қол жұмсады
Фото: pexels.com

Ақмола облысы ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, қайғылы жағдай 19 шілдеде Ақкөл ауданында болған.

«Қазіргі кезде 2009 жылғы жасөспірім қыздың өз-өзіне қол жұмсау дерегі бойынша Қылмыстық кодекстің 105-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары қолға алынды. Тергеу барысында полиция қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтайды. Қылмыстық процессуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді», - деді ведомстводан.

Айта кетсек, бұдан бұрын Ақмола облысында суицид жасаған студенттің өлімі тергеліп жатқанын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар