Ақмола облысында апатты жағдайдағы және үш ауысымды мектептер мәселесі толық шешілді — әкім

АСТАНА. KAZINFORM — Өңір аумағында соңғы екі жылда 19 мыңнан астам орынға арналған 24 жаңа мектеп салынды. Білім саласының даму әлеуеті туралы толығырақ облыс әкімі Марат Ахметжанов айтып берді. 

Ақмола облысында апатты жағдайдағы және үш ауысымды мектептер мәселесі толық шешілді — әкім
Фото: Жетісу облысы әкімдігі

— Облыста білім нысандарының инфрақұрылымын жаңартуға бағытталған бірнеше ірі жоба жүзеге асырылды. Қазір өңірде апатты жағдайдағы және үш ауысымды мектептер мәселесі толық шешілді. Соңғы екі жылда 19 мыңнан астам орынға арналған 24 жаңа мектеп салынды. Соның ішінде «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында 12 200 орынға арналған 9 мектеп бар, — деді Марат Ахметжанов орталық коммуникациялар қызметі алаңында өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті туралы есеп бере тұрып.

Сондай-ақ биыл Көкшетау қаласында жеке инвестиция есебінен заманауи үлгіде жабдықталған жаңа мектеп салынған. 

— Сонымен қатар, өңірде дарынды балаларды дамытуға ерекше көңіл бөлінеді. Айтар болсақ, Көкшетауда заманауи «Білім-инновация» лицей-интернаты 600 орындық жатақханасымен салынды, Щучинск қаласында IT-лицей (300 орындық) жатақханасының құрылысы аяқталуға жақын. Президент Жолдауы аясында облыста биылға жоспарланған барлық 20 мектеп толықтай жаңғыртылды. Жұмысшы мамандықтары жылы аясында 750 орындық 2 жатақхана салып, колледж студенттері жатақханамен қамтылды, — дейді облыс басшысы.

Бұған дейін хабарлағанымыздай биыл 7 мыңнан астам ақмолалық тұрғын үй жағдайын жақсартты

Биыл Ақмола облысының диқандары рекордтық көлемде астық жинады

Айта кетейік, Ақмола облысында астықты терең өңдейтін алғашқы зауыт құрылысы басталды

Сондай-ақ 2026 жылы Қосшыда жаңа электр энергиясы станциясы салына бастайды

Соңғы жаңалықтар