02:32, 06 Желтоқсан 2025 | GMT +5
Ақмола облысында автобус экскаватормен соқтығысты, жараланғандар бар
АСТАНА. KAZINFORM – Ақмола облысында жолаушылар автобусы мен экскаватор соқтығысты, деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі.
Оқиға Қарқаралы тасжолында, Қабанбай батыр және Қызылжар ауылдарының арасында болды. Жол апаты салдарынан автобус жүргізушісі кабинада қысылып қалған.
Ақмола облысы ТЖД мәліметінше, бірнеше жолаушы түрлі жарақат алған. Соқтығысудан кейін экскаватор өртеніп кеткен.
«Оқиға орнына жедел түрде құтқарушылар жетті. Гидравликалық құралдардың көмегімен олар жүргізушіні абайлап шығарып, жедел жәрдем бригадасына тапсырды. Зардап шеккен жолаушылар ауруханаға жеткізілді. Экскаватордағы өрт өшірілді. Қаза тапқандар жоқ», – делінген ведомство хабарламасында.
Айта кетейік, Ақтөбеде үш көлік соқтығысып, жүргізуші мен жолаушы көз жұмды.