Ақтөбеде үш көлік соқтығысып, жүргізуші мен жолаушы көз жұмды

АҚТӨБЕ. KAZINFORM - Жол-көлік апаты Ақтөбе қаласындағы көпір маңында болды. Оқиға орнына бірнеше жедел жәрдем бригадасы мен полиция жетті. 

жол апаты
Фото: Видеодан алынған скрин

Оқиға 5-қараша сағат 22:00 шамасында болды. Алдын ала жасалған болжам бойынша «Lexus» автокөлігінің жүргізушісі «Subaru» көлігіне барып соғады. Сол кезде «Subaru» автокөлігі өз бағытын өзгертіп, «Chevrolet Cobalt» жеңіл көлігіне соқтығысты.

- Жол-көлік апаты кезінде «Subaru» автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Тағы үш адам ауруханаға жеткізілді. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр,- деп хабарлады Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметі.

Еске салсақ, Ақмола облысындағы тас жолда ірі жол-көлік оқиғасы болды. Оқиға орнына келген құқық қорғау органдарының қызметкерлері Астанаға қарай келе жатқан DAF жүк көлігінің жүргізушісі тайғақ жолда көлікті басқара алмай, қиғаш тосқауылға соғылғанын анықтады.

Соңғы жаңалықтар