Ақмола облысында әйел жеті айлық сәбиімен терезеден құлап кетті

АСТАНА. KAZINFORM — Анасы да, сәбиі де алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің тілшісі. 

терезе
Фото: istockphoto.com

Қайғылы оқиға Степногорск қаласындағы көпқабатты үйлердің бірінде болды. Туыстарының үйінде болған әйел жетінші қабаттағы терезеден жеті айлық қызымен бірге құлап кеткен. Алған жарақаттарынан, екеуі де оқиға орнында көз жұмды.

— Степногорск қаласында туыстарының пәтерінің терезесінен әйел мен оның кішкентай қызының құлау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті шаралар жүргізіліп жатыр. ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды, — деп мәлімдеді Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Бұған дейін Павлодарда анасымен терезеден лақтырылып кеткен баланың ауруханадан шығарылғаны хабарланған болатын

Соңғы жаңалықтар