Ақмола облысында құны 285 млн теңге тұратын жер учаскесі мемлекетке қайтарылды
КӨКШЕТАУ.KAZINFORM – Ақкөл ауданы прокуратурасы туристік кластердің дамуына кедергі келтіретін проблемалық мәселелерді шешу мақсатында орман заңнамасы талаптарының сақталуын талдап келеді.
Тексеру нәтижесінде орман пайдаланушылар мемлекеттік орман қорының жер учаскелерін мақсатты түрде сауықтыру, рекреациялық, туристік және спорттық мақсаттар үшін пайдаланбайтыны анықталды.
Прокурорлық қадағалау шараларының нәтижесінде жалпы кадастрлық құны 285 млн теңге тұратын мемлекеттік орман қорының 2 жері мемлекетке қайтарылды.
Ақмола облысы прокуратурасы мәліметінше, бұл учаскелер кейіннен туристік бизнесті ұйымдастыру үшін әлеуетті инвесторларға беру мақсатында қарастырылмақ.
Осы бағыттағы жұмыс жалғасып жатыр.
Айта кетейік, Жетісу облысының прокуратурасы жылдар бойы мақсатсыз иеленуде болған ауыл шаруашылығы алқаптарын мемлекет меншігіне қайтарып, мемлекет мүддесін қорғауды қамтамасыз етті.