Ақмола облысында полицейлер 5 адамды жанып жатқан өрт ішінен алып шықты

АСТАНА. KAZINFORM – Ақмола облысында полицейлер бүтін бір отбасын ажалдан арашалап, өрттің арасынан алып шықты. 

өрт
Фото: ТЖМ

Polisia.kz-тің мәліметінше, 9 сәуір күні сағат 06:45-те «102» пультіне Центральный шағын ауданындағы № 2Б үйінен қатты түтін шығып жатқаны туралы хабарлама келіп түскен. Қоңырау шалған адам өртеніп жатқан пәтерде тұрғындар бар екенін айтып, шұғыл көмек көрсетуін сұрады. 

Тез арада оқиға орнына жеткен «Әскер 5» автопатрулі полиция батальонының қызметкерлері — Дәурен Түкеев пен Есен Сапар екінші қабатқа көтеріліп, түтіннің ортасында қалған 5 адамды сыртқа шығарды. Құтқарушылар алдымен пәтерден 2019, 2022 және 2023 жылы туған үш баланы алып шықты. Кейін полиция қызметкерлері мен тұрғындардың үйлесімді әрекеттерінің арқасында балалардың ата-анасына да көмек көрсетілді. 

Алдын ала мәліметтер бойынша, өрттің шығу себебі электр сымдарының қысқа тұйықталуынан болған. 

Соңғы жаңалықтар