Ақмола облысында прокурорлардың ықпалымен 788 гектар жер мемлекетке қайтарылды

КӨКШЕТАУ. KAZINFORM - Зеренді ауданың прокуратурасы «Зеренді ауданының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» ММ қызметіне жүргізілген тексеріс барысында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұсыну кезінде жер заңнамасының талаптарын өрескел бұзу фактілері анықталды.

экстрадиция
Фото: Виктор Федюнин

Ақмола облысының прокуратурасынан хабарланғандай, аудан әкімдігі лауазымды тұлғалары жер заңнамасының талаптарын бұза отырып, заңды тұлғаларға бау-бақша өсіру үшін жер телімдері өтеусіз уақытша жер пайдалану құқығымен негізсіз ұсынылған. Алайда мұндай жер телімдері тек қана азаматтарға ғана берілуі мүмкін.

Бұдан бөлек, жер телімдері конкурстық рәсімдерді айналып өтіп берілген, сондай-ақ олардың аумағы заңда белгіленген шекті нормалардан бірнеше есе асып кеткен.

-Прокурорлық қадағалау актілері бойынша лауазымды тұлғалар жауапқа тартылып, жалпы ауданы 788 гектарды құрайтын, құны 189 млн теңгеден астам 12 жер телімін мемлекет меншігіне қайтару туралы сот шешімдері шығарылды,-делінген хабарламада.

Осы бағыттағы жұмыс жалғасуда және аудан прокуратурасының бақылауында тұр.

Осыған дейін хабарлағанымыздай, Абай облысында прокуратураның ықпалымен 12 млрд теңгелік жобаның мәселесі шешілді.