Ақмола облысында тағы бір жол учаскесі таңғы 8.00-ге дейін жабылды

АCТАНА. KAZINFORM – ҚазАвтоЖол ұлттық компаниясы ауа райының нашарлауына байланысты Ақмола облысы аумағындағы республикалық маңызы бар жол учаскесінде көлік қозғалысына шектеу қойылғанын хабарлады.

жол жабық, боран, қар, аяз
Фото: Видеодан алынған кадр

«2025 жылғы 30 желтоқсан сағат 05:00-де ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар «Астана-Көкшетау-Петропавл-РФ шекарасына дейін» 18-232-шақырым аралығында (Астана қаласынан-Щучинск қаласына дейін) барлық көлік түрлерінің қозғалысына шектеу қойылады», делінген ҚазАвтоЖолдың ресми хабарламасында.

 Ұлттық компания аталған жол учаскесін ашуды бүгін сағат 08:00-ге жоспарлап отыр.

Еске сала кетсек, бүгін еліміздің тағы екі өңірінде көлік қозғалысына шектеу қойылды

Жалпы, кешелі бері еліміздегі ауа райының қолайсыздығына байланысты жолдар жабылған өңірлер қатары артып келе жатыр.

Соңғы жаңалықтар