Ақмола облысында жылуға артық төлем жасаған 8 мыңнан астам тұрғынның құқығы қорғалды

АСТАНА. KAZINFORM – Степногорск қаласының прокуратурасы жүргізген тексеру нәтижесінде 8 мыңнан астам азаматтың құқықтары қорғалды. Оларға тұтынылған жылу энергиясы үшін төлем заңсыз есептелгені анықталды.

Рост цен и тарифов отмечается в Кыргызстане
Фото: Kazinform

Тексеру барысында 41 көппәтерлі тұрғын үйде жылу энергиясы үшін төлем нақты есепке алу аспаптарының көрсеткіштері бойынша емес, белгіленген нормативтер негізінде есептелгені белгілі болды. Соның салдарынан тұтынушылар үшін төлем мөлшері негізсіз ұлғайған.

- Аталған деректер жылумен жабдықтаушы ұйым тарапынан «Жылу энергетикасы туралы» заң талаптарының бұзылғанын, сондай-ақ жергілікті атқарушы органның жылыту маусымына дайындықты қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік бақылауды тиісінше жүзеге асырмағанын көрсетеді.

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша қаладағы 8 мыңнан астам тұрғынға жылу энергиясы үшін төлем қайта есептелді. Қайта есептеу сомасы жалпы 8,1 млн теңгені құрады, - делінген ақпаратта.

Жол берілген заң бұзушылықтар үшін қала әкімі тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Айта кетейік, Бурабай ұлттық паркіне кіру тарифі өзгерді.

Соңғы жаңалықтар