Ақмола облысындағы орманда адасып кеткен 77 жастағы қария табылды

АСТАНА. KAZINFORM – Ақмола облысының Зеренді ауданында орманға жидек теруге барып, адасып кеткен зейнеткер құтқарылды, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігі.

а
Фото: Видеодан алынған скрин

Ведомствоның мәліметінше, ТЖМ жедел-құтқару жасағының қызметкерлері іздестіру жұмыстары барысында 1948 жылы туған ер адамды тауып алды.

«Құтқарушылардың үйлесімді іс-қимылының арқасында зейнеткер аман-есен табылды. Медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ», – деп хабарлады министрлік.

ТЖМ орманға барар алдында жақындарыңызға баратын бағытыңызды хабарлап, өзіңізбен бірге толық қуатталған ұялы телефон алып жүруге және бейтаныс жерлерге, алысқа кетпеуге кеңес берді.

Сондай-ақ адасып қалған жағдайда 112 нөміріне хабарласу қажеттігін еске салды.

Айта кетейік, Ақмола облысында демалыс күндері төрт адам суға батып кетті.