Ақмола облысындағы тас жолда ірі жол-көлік оқиғасы болды

АСТАНА. KAZINFORM — Полиция қызметкерлері жүргізушілерді аса сақ болуға шақырды, деп хабарлайды Kazinform тілшісі.

Массовое ДТП произошло на трассе в Акмолинской области
Фото: Ақмола облысы ПД

Ақмола облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, 5 желтоқсанда шамамен сағат 14:21–де Екатеринбург-Алматы тас жолының 1300-шақырымында жол-көлік оқиғасы болды.

— Оқиға орнына келген құқық қорғау органдарының қызметкерлері Астанаға қарай келе жатқан DAF жүк көлігінің жүргізушісі тайғақ жолда көлікті басқара алмай, қиғаш тосқауылға соғылғанын анықтады. Мұзды жолда көлікті басқара алмай, артынан келе жатқан Chevrolet Cobalt және Toyota Highlander көліктері жүк көлігімен соқтығысты. Сонымен қатар, Kia K5 жүргізушісі де апатты байқап, тежеуге тырысып, көлікті басқара алмай, тосқауылға соғылды, — делінген полиция мәлімдемесінде.

Апат салдарынан көліктердің екі жолаушысы ауруханаға жеткізілді. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері тергеу аяқталғаннан кейін кінәлілерге тиісті шаралар қолданылатынын атап өтті.

Полиция жүргізушілерге бірқатар жолда жылдамдық шектеулері енгізілгенін еске салады. Жүргізушілер қауіпсіз жылдамдықты сақтауы, арақашықтықты арттыруы, кілт тежеуден аулақ болуы, жол жамылғысының жағдайын ескеруі және төтенше жағдайлар қызметінің ескертулеріне құлақ асуы керек.

Бұған дейін елордада жол апаты салдарынан жаяу жүргінші аяғынан айырылғанын жазғанбыз.

Соңғы жаңалықтар