Ақмола облысында 75 жастағы зейнеткердің өмірін өрт жалмады
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Ақкөл қаласында 3 қабатты тұрғын үйде өрт шықты.
ҚР ТЖМ Ақмола облысының ТЖД жеке құрамынан 5 адам және өрт сөндіру қызметінің 1 техникасы өртті ауыздықтады. Оқиға орнынан 1939 жылғы зейнеткердің мүрдесі табылды, деп хабарлады аймақтық ТЖД баспасөз қызметінен.