Ақмола облысында біртоп құтқарушылар мерейтойлық медальдармен марапатталды (ФОТО)

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Бүгiн Ақмола облысында ҚР Құтқару қызметiнiң 20-жылдығына арналған салтанатты iс-шара өттi. Шараға өңір басшысы Сергей Кулагин қатысып, аймақтың құтқарушы сала қызметкерлерiн кәсiби мерекелерiмен құттықтады, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметінен.
None
None

«Жыл сайын Ақмола облысының құтқарушылары мыңдаған адамдарды табиғат апаттарынан құтқарады.Тек биылдың өзiнде құтқарушылар жергiлiктi атқару органдарымен бiрлесiп су тасқынынан зардап шеккен 2 мың адамды және 6 мың бас малды қауiпсiз аймаққа көшiрдi. Алдын ала жүргiзген жұмыстардың нәтижесiнде 800 үй мен 45 елдi мекен суға кетуден аман қалды», деді өз сөзінде облыс әкімі.

Сонымен қатар, өңiр басшысы азаматтық қорғаныс органдарының 15 үздiк құтқарушысына «Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi Төтенше жағдайлар комитетiне 20 жыл» мерейтойлық медальдарын және облыс әкiмiнiң Алғыс хаттарын табыстады. Жалпы, бүгiнгi күнi Ақмола облысында 1,5 мың өрт сөндiрушi мен құтқарушылар еңбек етедi. Ал тәулiк бойғы кезекшiлiкте 300 ден астам адам 50-ден астам шұғыл көмектерге шығады.

Соңғы жылдары құтқарушылар қызметiнiң материалдық-техникалық жағдайлары жақсаруда. Облыстық гарнизонның иелiгiнде 200 заманауи өрт сөндiру және арнайы техника бар.

Оған қоса облыс аумағында республикадағы құтқарушыларды даярлайтын жалғыз жоғары оқу орны Көкшетау техникалық институты да табысты жұмыс істеуде.

Соңғы жаңалықтар