Ақмола облысында болған өрт орнында егде жастағы ер адамның мүрдесі табылды
АСТАНА. 15 желтоқсан. ҚазАқпарат - Ақмола облысындағы Пятигорское ауылындағы жекеменшік тұрғын үйде кеше сағат 23:55-те өрт болды. Бұл туралы ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен хабарлайды.
Жалын сағат 01:15-те ауыздықталып, 03:10-да толық сөндірілді. Онымен күресте ҚР ТЖМ Ақмола облыстық ТЖД-дегі өрт сөндіру қызметінің 4 адамы мен 1 техникасы жұмылдырылды. Жалын тілі 100 шаршы метр аумақты шарпыды. Оқиға орнында егде жастағы ер адамның мүрдесі табылды.