Ақмола облысында қатты бұрқасын салдарынан өңірдегі бірқатар жолдар жабылды
АСТАНА. ҚазАқпарат -Ақмола облысында қатты бұрқасын салдарынан өңірдегі бірқатар жолдар жабылды, деп хабарлайды ҚР ІІМ ТЖК-ның баспасөз қызметі.
7 наурызда сағат 18:00-де ауа райының нашарлауына байланысты (қатты бұрқасын, жолдың көрінбеуі) «Екатеринбор-Алматы» жолының 917-995 шақырымы, Жақсы кентінен Атбасар қаласына дейінгі аралықта жүк көліктерінің қозғалысы тоқтатылды.
Сондай-ақ, бұған дейін хабарланғандай облыстағы келесі автожолдарда:
«Екатеринбор-Алматы» 856-1003 шақырымы, СҚО шекарасынан - Атбасар қаласына дейін;
«Көкшетау-Петропавл» 304-341 шақырымы;
«Көкшетау-Омбы» 2-50 шақырымы, Көкшетау қаласынан СҚО шекарасына дейін;
«Көкшетау - Рузаевка» 0-61 шақырымы, Көкшетау қаласынан СҚО шекарасына дейін;
«Көкшетау-Атбасар» 0-184 шақырымы;
«Астана-Петропавл» 231-293 шақырымы аралығында барлық қоғамдық автокөліктер қозғалысы тоқтатылған болатын.