Ақмола облысында прокуратура 234 жұмысшының құқығын қорғады

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Атбасар ауданында прокуратура органдарының дер кезінде араласуы нәтижесінде 234 жұмысшының құқығы қорғалып, жұмыс берушілер 8 282 000 теңге көлемінде жалақы қарыздарымен есептесті. Бұл туралы облыстық прокуратураның баспасөз қызметінен хабарлады.
None
None

Прокуратураның мәліметі бойынша наурыз айының ортасында Атбасар ауданында «Агроцентр-Ақмола-Техсервис», «Атбасарска Нива» және «Агроцентр Астана» серіктестіктерінің жұмысшыларына еңбекақы қарызы қордаланып қалғаны жөнінде ақпарат түскен. Тексеріс барысында «Агроцентр-Ақмола-Техсервис» ЖШС-і 71 жұмысшыға 5 500 000 теңге қарыз, «Атбасарска Нива» ЖШС-і 400 жұмысшыға 10 миллион теңге, «Агроцентр Астана» ЖШС-і 75 жұмысшыға 4 395 000 теңге қарыз екені анықталды.

Азаматтардың құқығын қорғау мақсатында аудан прокуратурасы аталған кәсіпорын басшыларына заңбұзушылықтарды жою жөнінде 4 жазбаша өкім шығарды. Соның нәтижесінде, бүгінгі күні 118 жұмысшының құқығы қорғалып, барлығы 19 895 000 теңге қарыздың 7 082 000 теңгесі өтелді.

Бұдан басқа, «Атбасарские мельницы» ЖШС-і 116 жұмысшының алдында 3 380 000 теңге қарыз екені анықталды. Қазіргі уақытта аталған серіктестік директоры Ж. Абдулғапаров ҚР ӘҚжК 87 бабының 1 бөлімі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, жұмысшылар еңбекақысының 1 200 000 теңгесі қайтарылды.

Соңғы жаңалықтар