Ақмола облысының жастарына өз бизнесін ашуға көмек көрсетіледі

АСТАНА. 28 мамыр. ҚазАқпарат - Бүгін Ақмола облысы жастар саясаты басқармасының және «Атамекен» Одағы» Қазақстанның Ұлттық экономикалық палатасы мен «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры облыстық филиалдарының басшылары ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
None
None

Басқарманың баспасөз қызметінен хабарлағандай, құжат аймақта жастар кәсіпкерлігін дамытуға бағытталған.

«Меморандумның негізгі мақсаты - өзінің жеке ісін ашуға тілек білдірген жастар мен жұмысын жаңадан бастаған кәсіпкерлерге мақсатты қолдау көрсету арқылы жастар арасында кәсіпкерлік қызметті тарату», деп түсіндірді жастар саясаты басқармасында.

Тұтастай алғанда, бұл ынтымақтастық бағыттары жас кәсіпкерлерді оқыту және консультациялық қызмет көрсетуді ұсыну арқылы олардың қаржылық сауаттылығын арттыру бойынша бірлескен шаралар өткізуді көздейді. Сондай-ақ құжат жас кәсіпкерлердің жобаларын дамытуды, жоғары оқу орындары мен колледждер студенттеріне бизнес негіздері бойынша тренингтер ұйымдастыруды және басқа да шараларды қарастырады.

«Жастар кәсіпкерлігін дамыту - уақыт талабы. Мемлекет басшысы алға қойған міндеттерге сәйкес ауқымды әлеуметтік-экономикалық жобалар мен бағдарламаларды жүзеге асыруға жастардың қатысуына және олардың рөліне зор маңыз беріліп отыр», - деп атап өтті басқарма бастығы Шахмардан Байманов.

Соңғы жаңалықтар