Ақмола тұрғыны 6 жасар өгей қызына зорлық-зомбылық көрсеткен

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Алты жасар өгей қызына зорлық-зомбылық көрсеткен Ақмола облысының тұрғыны ұсталды. Осы істі тергеген Астрахан аудандық полиция бөлімінің тергеушісі, аға лейтенант Жанар Тәкеноваға қыздың анасы алғыс айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
None

Ведомствоның мәліметінше, биылғы қаңтар айында Астрахан аудандық полиция бөлімінің тергеушісі, аға лейтенант Жанар Тәкеноваға кәмелетке толмаған қызға қатысты зорлық-зомбылық әрекеттері туралы қылмыстық істі тергеу тапсырылған.

Қылмыстық істі тергеу барысында аға лейтенант қысқа мерзімде барлық қажетті тергеу әрекеттерін жүргізіп, сараптама нәтижесі негізінде қылмыс жасауға қатысы бар адамның жеке басын анықтады.

«Белгілі болғандай, Астрахан ауданының тұрғыны 6 жасар өгей қызына қатысты заңсыз әрекеттерді жасаған. Жәбірленуші өгей әкесінен қорыққандықтан анасына болған жағдайды ертерек айта алмаған. Кейін қылмысы әшкерленген кезде күдікті жасырынбақшы болды. Алайда, тәртіп сақшылары оны дереу қолға түсірді», - деді ведомстводан.

ПД баспасөз қызметінен атап өткендей, жақында тергеушінің атына жәбір көрген қыздың анасы алғыс хат жолдаған.

Онда әйел құқық қорғаушыға кәсібилігі мен жауаптылығы үшін шын жүректен ризашылығын білдіреді.

«Тергеуші Жанар Тәкеноваға принципшілдігі, жанашырлығы, түсіністігі мен ақкөңілдігі үшін алғыс айтамын», - делінген алғыс хата.

Айта кетейік, Ақмола облысында ауруханадан қашып кеткен 13 жасар қыз табылды.

Соңғы жаңалықтар