Ақмола вагон жөндеу зауыты мен украиндық «Азовмаш» бірлескен кәсіпорын құрмақ
АСТАНА. Қыркүйектің 24-і. ҚазАқпарат - Ақмола вагон жөндеу зауыты украиндық «Азовмаш» зауытымен бірлескен украин-қазақ кәсіпорын құру ниеті жөнінде шарт жасасты,
деп хабарлайды Укринформ агенттігі.
«Бізге Қазақ теміржолы, зауыт басшылығы жартылай және жабық вагондар мен цистерналар өндіретін өндірістік қуаттар құру жөнінде ұсыныс жасады», - деді «Азовмаш» басшысы Александр Савчук.
«Азовмаш» ААҚ - көп жүк көтеретін май құю машиналарын шығаратын бұрынғы кеңестік кеңістіктегі алпауыт кәсіпорын.