Ақмоладағы ұшақтың апатқа ұшырау себебін анықтайтын комиссия құрылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат- Ақмола облысындағы ұшақтың құлау себебін анықтайтын арнайы комиссия құрылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің кеңесшісі Руслан Иманқұловтың айтуынша, апат себептері анықталып жатыр. Осы мақсатта арнайы комиссия құрылып, тексеру жүргізетін болады.

Еске салсақ, бүгін сағат 10.00 шамасында Ақмола облысының Целиноград ауданында АН-2 ұшағы әуе-химиялық жұмыс жүргізу кезінде құлаған болатын.

Оқиға салдарынан әуе кемесінің командирі көз жұмып, екінші ұшқыш ауруханаға жеткізілген.

Соңғы жаңалықтар