Ақниет Әлімбай кәсіпқой бокста алғаш рет жеңіліске ұшырады

АСТАНА. KAZINFORM – Жартылай орта салмақтағы қазақстандық кәсіпқой боксшы Ақниет Әлімбай (2-0, 1 КО) Астанада өтіп жатқан «Battle of the Brave» кәсіпқой бокс кешінде кезекті жекпе-жегін өткізді.

Ақниет Әлімбай кәсіпқой мансабында алғаш рет жеңіліске ұшырады
Фото: Нұрғали Жұмағазы

Отандасымыз чехиялық боксшы Йозеф Дубскимен (1-0, 1 КО) жұдырықтасты. Екі боксшы алғашқы раундтан-ақ шабуылға шығып, ашық айқасқа көшті. Бастапқы екі раундта қазақстандық боксшы ширақ қозғалып, жақын аралықтан нәтижелі соққыларын бағыттады. Алайда, Ақниет үшінші және төртінші раундта қарсыласының соққыларын өткізіп алды.

Төрт раундқа созылған жекпе-жекте Йозеф Дубски төрешілердің шешімімен жеңіске жетті. Қорытынды есеп – 40:39/38:39/37:39. 

бокс
Фото: Нұрғали Жұмағазы
бокс
Фото: Нұрғали Жұмағазы

Осылайша, Ақниет кәсіпқой мансабында алғаш рет жеңілді.

Еске сала кетсек, Жәнібек Әлімханұлы 5 сәуір күні Астана қаласында кезекті жекпе-жегін өткізіп, чемпиондық белдіктерін қорғайды.

Осыған дейін хабарлағанымыздай, бокс кешінде Балауса Мұздыман, ағайынды Сабырхандар, Батыр Жүкембаев, Сұлтан Заурбек, Баходир Жалолов және Отабек Холматов қатарлы боксшылар шаршы алаңға шығады.

 

Соңғы жаңалықтар