«Ақниет» ауыл кәсіпкеріне демеушілік көрсетеді - Қызылорда облысы

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Бүгін Қызылордада «ЛУКОЙЛ Оверсиз Сервис Б.В.» мұнай компаниясы қаржыландыратын «Ақниет» әлеуметтік бағдарламасының орындалу барысына арналған мәжіліс өтті. Оған аймақ басшысы Қырымбек Көшербаев қатысты, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен.
None
None

Бағдарламаның мақсаты - ауыл тұрғындарына кәсіп ашу үшін 1 миллион теңге көлеміндегі өтемсіз грант беру. Сол арқылы кәсіпкерлікті дамыту, экология, инновация саласындағы жобаларға қаржылық қолдау көрсетілетін болады.

Мәжілісте мұнай компанияның қазақстандық филиал директоры Андрей Кирилловтың өткен жылы жобаның Қармақшы, Сырдария және Жалағаш аудандарында қалай жүзеге асқандығын баяндады. Бағдарлама грантын 75 кәсіпкер жеңіп алып, жобаларын жүзеге асырды. Бірі шаштараз ашса, енді бірі наубайхана, балабақша, тігін цехы секілді ауылға қажетті қызмет түрлерін көрсетуде.

«Бір миллион қайтарымсыз несие ауылдық жерде кәсіп бастауға үлкен көмек болғаны сөзсіз. Шағын және орта кәсіпкерлікті 5 есе арттыруымыз қажет. Өткен жылы өңірге әлеуметтік кәсіпкерлік корпарациясы арқылы 3 млрд. теңге берілді. Биыл тағы 4 млрд. теңге аламыз. Бастысы кәсіпкерлердің жақсы жобалары болса жүзеге асыруына қолдау білдеріміз», - деді облыс әкімі Қ.Көшербаев.

«Ақниет» бағдарламасы биыл да жалғасады. Алдағы мамыр айында жобалар бойынша өтініш жиналып, сарапталады. Ал маусым айында жеңімпаздар тізімі бекітіледі. Жүзден астам жобаға грант беріледі деп жоспарлануда.

Соңғы жаңалықтар