Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Ақорда «Бітімгер миссиясы» фильмі көрсетілетіндігін хабарлады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақорданың баспасөз қызметі «Бітімгер миссиясы» фильмінің тұсаукесері өтетіндігін жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақорда «Бітімгер миссиясы» фильмі көрсетілетіндігін хабарлады

«Бітімгер миссиясы» - бұл Президент баспасөз қызметі мен «Хабар» телеарнасының бірлескен жобасы. Фильм арна эфирінде 3 шілде күні сағат 21:30-да көрсетіледі», - делінген хабарламада.

Ақорда баспасөз қызметінің Фейсбуктегі ресми парақшасында жария етілген қысқа бейне материалда Қазақстанның Өзбекстандағы Елшісі Ерік Өтемұратов Қазақстан мен Ресей Президенттері Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путиннің Шанхай ынтымақтастық ұйымы алаңындағы келіссөздері жайында әңгімелейді.