Ақордада Елбасы төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысында үш мәселе қаралуда
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Төрағалығымен ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысы басталды.
Отырысты ашқан ҚР Президенті бүгінгі Үкіметтің кеңейтілген отырысында үш мәселе қаралатындығын атап өтті.
«Біріншісі, биылғы жылғы экономиканың қалай келе жатқаны, оның ішінде жасаған жұмысымыз жөнінде Е. Досаев баяндайтын болады. Екінші мәселе, біздің ұлттық бағдарламамыз - инновациялық-индустралды бағдарламаның орындалуы туралы Ә. Исекешев айтатын болады. «Самұрық-Қазынаның» берілген тапсырмаларды орындау барысын Ө. Шөкеев мырза баяндайтын болады», - деді Мемлекет басшысы.
Сонымен қатар ҚР Президент биылғы жыл еліміз үшін оңай болып отырмағандығын баса айтты.