Ақордада Қазақстан мен Ресей арасындағы экономикалық ынтымақтастық бойынша бірқатар құжаттарға қол қойылды

АСТАНА. Шілденің 5-і. ҚазАқпарат /Мұратбек Мақұлбеков/ - Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Мемлекетаралық кеңесі отырысынан кейін Ақордада Қазақстан мен Ресей арасындағы экономикалық ынтымақтастық жөніндегі бірқатар құжаттарға қол қойылды.
None
None

«Ресейатомөнеркәсіп» атом энергиясы мемлекеттік корпорациясы мен «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ бірлескен мәлімдемесіне қазақстандық тараптан - Қазатомөнеркәсіп басшысы Владимир Школьник, ресейлік тараптан - Ресейатомөнеркәсіп бас директоры Сергей Кириенко қол қойды.

Олар сондай-ақ атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы ынтымақтастық пен ықпалдастық туралы меморандумға қол қойды.

Екібастұз ГРЭС-2 үшінші энергия блогын салуды қаржыландыру мақсатындағы несиелік келісімге қазақстандық тараптан «Самұрық-Энерго» АҚ басқарма төрағасы Ерлан Үпішев, ресейлік тараптан - «Интер РАО ЕС» ААҚ басшысы Борис Ковальчук қол қойды.

Соңғы жаңалықтар