Ақсайда жоғалып кеткен 5-сынып оқушысы аман-есен табылды

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Ақсай қаласында жоғалып кеткен 5-сынып оқушысы аман-есен табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, оқиға 27 ақпан күні кешкісін болған.

«Ақсайдағы №6 мектеп-лицейдің 5-сынып оқушысы Алан Мерғалиев білім ордасынан сағат 19.15-те шыққаннан үйіне оралмаған. Баланы іздестіру іс-шараларына бүкіл жеке құрам жұмылдырылды. Соның нәтижесінде оқушы 28 ақпанға қараған түнгі сағат 00.20 шамасында аман-есен табылды. Толық ақпарат кейін беріледі», - деп хабарлады ведомстводан.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда жасөспірімдер қылмысының екі есе өскенін жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар