АҚШ әскері Сириядан кетті

АСТАНА. KAZINFORM - Сирия билігі бұған дейін америкалық күштер орналасқан барлық әскери базаны өз бақылауына алды. Соңғы әскери колонна Хасеке провинциясындағы Касрак әуе базасынан шықты, деп хабарлайды Aljazeera.

АҚШ әскері Сириядан кетті
Фото: Aljazeera

Осылайша АҚШ-тың 2014 жылдан бері жалғасып келе жатқан әскери иссиясы аяқталды.

Нысандарды тапсыру үдерісі Вашингтонмен келісілген. Бұл процесс қараша айында Сирия президенті Ахмед аш-Шараа мен АҚШ басшысы Дональд Трамптың кездесуінен кейін жеделдей түскен.

Күрдтердің SDF қарулы құрылымдары енді ұлттық армия құрамына біріктірілмек. Дамаск Хасеке мен Камышлы қалаларына, сондай-ақ шекаралық аймақтарға бақылауды қайта орнатты.

Иранды қолдаушы топтардың шабуылынан сақтану үшін америкалық әскерлер Ирак арқылы емес, Иордания бағытымен шығарылған.

Осыған дейін АҚШ әскері Сириядағы ең ірі базасынан шығарылып жатқаны туралы жаздық.

 

Соңғы жаңалықтар