Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

АҚШ астанасында Қазақстанның ежелгі өнері мен мәдениетінің көрмесі ашылды

АСТАНА. 20 тамыз. ҚазАқпарат - Вашингтон қаласындағы бүкіл әлемге танымал Смитсон институтындағы Фриер және Саклер галереяларында «Көшпелілер және олардың байланыстары: Қазақстанның ежелгі өнері мен мәдениеті»  атты көрменің ресми ашылуы үлкен табыспен өтті, деп хабарлады ҚР-ның АҚШ-тағы елшілігінің баспасөз қызметі.

АҚШ астанасында Қазақстанның ежелгі өнері мен мәдениетінің көрмесі ашылды

Салтанатты шараға Ақ үйдің жоғары деңгейдегіі тұлғалары, атап айтқанда, АҚШ Президентінің арнайы көмекшісі, Ресей және Еуразия бойынша Ұлттық қауіпсіздік қызметінің аға директоры Алис Уэллс, АҚШ мемлекеттік департаментінен Мемлекеттік хатшысы көмекшісінің орынбасары Джеймс Мур, АҚШ Конгресінің, беделді бизнес өкілдері, мәдени қоғамның «қаймағы», сондай-ақ Қазақстанның АҚШ-тағы диаспорасы  өкілдері қатысты.

Көрменің ашылу салтанатында беделді ғалым, танымал ориенталист, Оксфорд университетіндегі «Шығыстану» факультетінің түлегі, Фриер және Саклер галереяларының директоры Джулиан Рэби құттықтау сөз сөйледі. Өз сөзінде ол . Оның айтуынша, Шілікті және Берел қорғандарынан табылған бай олжалар Қазақстанның ұлттық қазынасы мен игілігі болып табылады және бай көшпелі мәдениеті туралы сыр шертеді. Ол Қазақстан Үкіметіне аталған жобаны ұйымдастырудағы көрсеткен қолдауы үшін ризашылығын білдіріп, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің, ҚР Білім және ғылым министролігінің, сондай-ақ көрмені ұйымдастыруға қатысқан Қазақстанның мәдени-тарихи мекемелерінің жұмысын ерекше атап өтті.

Кеш қонақтарын құттықтай келіп, Қазақстанның АҚШ-тағы Елшісі Ерлан Ыдырысов көрменің барлық қатысушыларына тамаша жұмыстары үшін алғысын білдірді, өйткені ол арқылы американдық және әлемдік қауымдастық Қазақстан, оның бай мәдени мұрасы және өнері туралы көбірек білуге мүмкіндік алды. Ол «Көшпелілер және олардың байланыстары» атты көрменің мағынасы үлкен, онда көшпелілердің бірегей шеберлігі туралы ғана емес, серіктестік пен байланыстарды дамыту  сияқты маңызы зор бірнеше міндетті шешу қарастырылып отыр. «Өйткені байланыста және серіктестік қатынастарда болу және бірге қолұстасп жүру - өсу мен гүлденуге апаратын жол», - деп атап өтті Е.Ыдырысов.

Смитсон институтындағы Азия тарихы бойынша Бағдарлама бөлімінің директоры Пол Тейлор «Silk Road Newsline» жаңалықтар бағдарламасына берген сұхбатында көрмеден алған әсерлерімен бөлісті. Қазақстан туралы көп хабары бар, қазақ халқының ұлы ғалымы - Шоқан Уәлиханов туралы көрмені ұйымдастыру бойынша жұмыс істеген П.Тейлор бұл шараны дәл Вашингтонда өткізу маңызын атап өтіп, ҚР Үкіметіне көрмені ұйымдастыру жағдайларын жасағаны үшін алғысын білдірді.

Саклер Галереясындағы Таяу Шығыстың ежелгі өнері бойынша куратордың көмекшісі Александр Нейджелдің пікірінше, «аумағы бойынша Техас штатынан төрт есе үлкен Қазақстан тек мұнайымен ғана емес, байырғы бірегей тарихқа да бай». А.Нейджелдің атап өтуінше, бүгінде Қазақстан - аумағы бойныша тоғызыншы орында тұрған және Орталық Азиядағы тартымды елдердің бірі.

Көрменің тұжырымдамасын Нью-Йорк универститетіндегі Ежелгі әлемді зерттеу институты ҚР мәдениет және ақпарат министрлігімен, ҚР Білім және ғылым министрлігімен, Қазақстандағы төрт ірі тарихи мекемемен және Қазақстанның АҚШ-тағы Елшілігімен ынтымақтаса отырып ұйымдастырылған.

АҚШ астанасындағы көрме 2012 жылдың қарашасының соңына дейін жалғасады.