АҚШ электроника тарифтерін уақытша алып тастап, жаңасын дайындап жатыр

АСТАНА.KAZINFORM — АҚШ әкімшілігі смартфон, компьютер және басқа да электроника тауарларын өзара кедендік баж салығынан уақытша босатып, оларға бөлек салалық тариф енгізуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды ТАСС.

АҚШ электроника тарифтерін уақытша алып тастайды
Фото: ТАСС

— Бұл тауарлардың барлығы жартылай өткізгіштер санатына жатады әрі оларға арнайы тариф белгіленеді. Оларға өзара тариф салынбайды, бірақ олар бір-екі айдан кейін енгізілетін жартылай өткізгіштерге арналған тарифтерге кіреді, деп мәлімдеді АҚШ Сауда министрі Говард Латник ABC арнасына берген сұхбатында.

Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп әкімшілігі смартфондар мен компьютерлер, сондай-ақ басқа да электроника жаһандық өзара тарифтен босатылғанын хабарлаған болатын.

Соңғы жаңалықтар