АҚШ Иран мұнайын сатуға берілген уақытша рұқсатты қайтарып алды

АСТАНА. KAZINFORM – АҚШ Қаржы министрлігі Ормуз бұғазындағы танкерлерге жасалған шабуылдардан кейін Иран мұнайына қатысты санкцияларды уақытша жеңілдету туралы шешімнің күшін жойғанын мәлімдеді. Бұл туралы ВВС жазды.

АҚШ Иран мұнайын сатуға берілген уақытша рұқсатты қайтарып алды
Фото: CNA

Министрліктің хабарлауынша, Иранға мұнай өндіруге, сатуға және сатып алушыларға жеткізуге мүмкіндік берген уақытша рұқсат кері қайтарылды.

Сейсенбі күні Сауд Арабиясы мен Катар Иранды өздерінің танкерлеріне оқ атқаны үшін айыптады. АҚШ Қаржы министрлігі бұл шабуылдарды «мүлдем жол беруге болмайтын әрекет» деп атады.

Соған қарамастан, халықаралық ақпарат агенттіктерінің хабарлауынша, АҚШ өкілі осы оқиғаларға қарамастан Иранмен бейбіт келіссөздердің жалғасып жатқанын мәлімдеді.

Иранға мұнай өндіруге, сатуға және экспорттауға мүмкіндік берген санкцияларды уақытша жеңілдету шарасы АҚШ пен Иран биыл маусымда қол қойған өзара түсіністік туралы бейбіт меморандум аясында қабылданған.

Аталған меморандум тараптар қазір жүргізіп жатқан түпкілікті бейбіт келісімге қол жеткізу жолындағы алғашқы қадам ретінде қарастырылған.

Айта кетейік, АҚШ пен Иран келіссөзінде қандай мәселелер талқыланатынын мына жерден оқыңыз.

Оның алдында Иран мен АҚШ бір-біріне шабуыл жасамауға тағы да уәделескен еді.