Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

АҚШ Иранның Хормозган провинциясындағы Хаджиабад қаласына соққы жасады

АСТАНА. KAZINFORM – АҚШ Ормуз бұғазы маңында орналасқан Иранның Хормозган провинциясындағы Хаджиабад қаласына соққы жасады, деп хабарлайды Анадолу агенттігі.

АҚШ Иранның Хормозган провинциясындағы Хаджиабад қаласына соққы жасады
Фото: Анадолу

Иранның Tasnim ақпарат агенттігінің хабарлауынша, «шамамен сағат 02:10-да қарсылас тарап – АҚШ Хаджиабад қаласы ауданында әскери шабуыл жасады».

Агенттік мәліметіне сәйкес, соққы салдарынан бейбіт тұрғындар арасында құрбандар тіркелмеген. Сондай-ақ тұрғын үй немесе коммерциялық инфрақұрылымның бүлінгені туралы ақпарат жоқ.

Ормуз бұғазының жағалауында орналасқан Хормозган провинциясы соңғы күндері АҚШ-тың бірнеше мәрте жасаған соққыларының нысанына айналды.

Бұған дейін АҚШ Қарулы күштерінің Орталық қолбасшылығы (CENTCOM) Иранға қарсы жаңа соққылар сериясының басталғанын мәлімдеген болатын. Осы мәлімдемеден кейін Хормозган провинциясында орналасқан Сирик қаласына да шабуыл жасалғаны туралы ақпарат тарады.

Еске сала кетейік, кеше еліміздің мұнайы тиелген екі танкерге дрон шабуыл жасады.

Қазақстан Каспий құбыр консорциумы (КҚК) арқылы мұнай тасымалдаған азаматтық кемелерге жасалған шабуылды қатаң айыптады.