АҚШ Қаржы министрі тариф саясатында ілгерілеу болады деп үміттенеді

АСТАНА. KAZINFORM – АҚШ Қаржы министрі Скотт Бессент тариф саясатына және алдағы 90 күн ішіндегі шешуші сауда келісімдеріне үмітпен қарайды, деп жазады Yahoo Finance.

Скотт Бессент
Фото: n4k.ru

- Қытайды қоя тұрайық. Бізде 15 ірі серіктес бар. Біз Қытайды кейінге қалдыра тұрамыз. Біз өте жылдам жылжып келеміз және үдерісті ірі сауда серіктестеріне ыңғайлап жатырмыз, әрине, келісімге байланысты. Егер олар тарифтерін төмендететін болса, біз алға жылжи аламыз деген ойдамын, - деді Скотт Бессент.

Бұл туралы Дональд Трамптың келісім жасаушыларға жаңа келісім жасауға уақыт беру үшін жоғары тарифтерге 90 күндік үзіліс енгізгеннен кейін айтылды.

Трамп та таңдаған бағытының дұрыс болғанын әлеуметтік желіде айтып өтті.

- АҚШ тарифтердің рекордтық деңгейін енгізіп жатыр, ал бензин, азық-түлік және басқаларының барлығының құны төмендейді. Сол сияқты инфляция да төмендейді. Берілген уәде - орындалған уәде! – деп жазды Дональд Трамп Truth Social журналында.

Бірақ АҚШ президенті Қытайға салынатын тарифтерді де өсірді, өйткені әлемдегі ең ірі екі экономика арасындағы шайқас күшейе түсті. Қытай АҚШ импортына баж салығын 84%-дан 125%-ға көтерсе, Қытай импортына АҚШ тарифтері 145%-ға дейін көтерілді.

Осыған дейін Дональд Трамптың Қытайға баж салығын 145 пайызға дейін көтергені туралы жаздық.

 

Соңғы жаңалықтар