АҚШ Мадуро биліктен кеткеннен кейін Венесуэладағы елшілігін қайта ашты

АСТАНА.KAZINFORM - АҚШ қаңтардың басында Николас Мадуро биліктен кеткеннен кейін Венесуэламен дипломатиялық қарым-қатынасын қалпына келтіріп, Каракастағы елшілігін ресми түрде қайта ашты, деп хабарлайды Associated Press.

США вновь открыли посольство в Венесуэле после свержения Мадуро
Фото: AP

Мемлекеттік департамент жеті жыл бойы жабылып қалған және жөндеуді қажет ететін елшіліктің қайта ашылғанын хабарлады.

Біраз уақыт Колумбияда уақытша жұмыс істеген америкалық дипломаттардың шағын тобы қазір Каракаста.

- Каракастағы АҚШ елшілігінің қайта ашылуы Президенттің Венесуэла бойынша жоспарын жүзеге асырудағы маңызды қадамы және уақытша үкіметпен, азаматтық қоғаммен және жеке сектормен тікелей өзара әрекеттесуге мүмкіндік береді, - деп атап өтті Мемлекеттік департамент.

АҚШ пен Венесуэла азаматтары паспорттық және визалық қызмет ала алатын консулдық бөлімді қалпына келтіру жұмыстары әлі де жалғасып жатыр.

Бұған дейін Нью-Йоркте өткен алғашқы сот мәжілісінде Мадуро мен оның әйелі өздеріне тағылған кінәні мойындамады.

Мадуроның жақтастары Каракаста президентті қайтаруды талап етті.