АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Сауд Арабиясына барды

АСТАНА. KAZINFORM - Энтони Блинкен Сауд Арабиясына барды. Жақын арада АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Таяу Шығыстағы тағы бірнеше елді аралайды, деп жазады Euronews.

энтони
Фото: golosameriki.com

Энтони Блинкен бұл сапарында ХАМАС ұстаған және тұтқындаған кепілге алынғандарды босату, қақтығысты бейбіт жолмен шешу және соғыс аяқталғаннан кейін Газа секторын басқару бойынша диалогты ілгерілетуді жоспарлап отыр.

Бұл ХАМАС содырларының Израильге шабуылы мен оған жауап операциясы басталғаннан бері АҚШ Мемлекеттік хатшысының Таяу Шығысқа жасаған бесінші сапары.

Соңғы жаңалықтар