АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубио Қазақстанға келеді

АСТАНА. KAZINFORM – АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубио сәрсенбі күні 2026 жылы Орталық Азияның бес еліне баруды жоспарлап отырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Reuters.

Марко Рубио
Фото: ТАСС

Мемлекеттік хатшы өз ниеті туралы C5+1 саммитінің құрметіне өткізілген қабылдау кезінде мәлімдеді. 

- Бес елдің бәріне де... сондықтан бұл бір аптаға созылуы мүмкін сапар болатынын білемін. Біз бұл бағытта жұмыс істеп, оны бірге жүзеге асыруымыз керек, - деп мәлімдеді Рубио.

Дипломат Трамп әкімшілігінің ресурстарға бай аймаққа назар аудару науқаны аясында Орталық Азияның бес елінің сыртқы істер министрлерімен кездесуді жоспарлап отырғанын атап өтті. 

Оның айтуынша, мәселе бұл елдердің табиғи ресурстарын игеру үшін бірлесіп жұмыс істеуге келгенде АҚШ пен Орталық Азия мемлекеттерінің мүдделері сәйкес келіп отыр. 

Бұған дейін АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубио АҚШ Мемлекеттік департаментінің Бенджамин Франклин атындағы залда жаңа инвестициялық және сауда келісімдерін талқылауға арналған C5+1 бизнес конференциясының 10 жылдығы құрметіне Орталық Азия сыртқы істер министрлерін қарсы алғанын жазған болатынбыз

Айта кетейік, Қазақстан мен АҚШ арасында C5+1 саммиті аясында алғашқы келісімге қол қойылды

Соңғы жаңалықтар
Референдум