АҚШ Оңтүстік Африкаға көмек көрсетуді тоқтатты

АСТАНА.KAZINFORM — АҚШ Мемлекеттік департаменті Оңтүстік Африка Республикасына көрсетілетін сыртқы көмектің көп бөлігін дереу тоқтатуға бұйрық берді, деп хабарлайды The Guardian.

АҚШ Оңтүстік Африкаға көмек көрсетуді тоқтатты
Фото: www.aljazeera.com

— 14204 Жарлығын тиімді жүзеге асыру үшін барлық бюролар, кеңселер мен миссиялар Оңтүстік Африкаға барлық міндеттемелер мен жәрдем бөлуді тоқтата тұруы керек, — делінген Мемлекеттік хатшы Марко Рубио қол қойған құжатта.

Құжатта нидерландтық отарлаушылар ұрпақтарының ақ нәсілділерге қатысты «әділетсіз нәсілдік кемсітушілігі» ерекше аталып өткен.

Жалпы достас екі ел арасындағы шиеленіс АҚШ президенті Дональд Трамптың Оңтүстік Африканы ақ нәсілді азаматтарды кемсіту үшін жер туралы жаңа заң қолданды деп айыптауынан кейін ушыға түсті. Оңтүстік Африка президенті Сирил Рамафоса бұл мәлімдемелерді жалған ақпарат ретінде жоққа шығарды.

Трамп сонымен қатар Халықаралық соттың Израильге қарсы геноцид ісіндегі Оңтүстік Африканың жетекші рөлін сынап, АҚШ-қа көшкісі келетін бай ақ нәсілді африкалықтарға босқын мәртебесін ұсынды.

Соңғы жаңалықтар