АҚШ пен Иран арасындағы келіссөздер мұнай нарығына қалай әсер етті
АЛМАТЫ. KAZINFORM — АҚШ пен Иран арасындағы Швейцарияда өткен келіссөздерден кейін әлемдік мұнай нарығында баға төмендеді.
22 маусым таңертеңгі жағдай бойынша Brent маркалы мұнай 1,53 доллар (1,90%) арзандап, бір баррелі 79,04 доллар болды.
Ал америкалық WTI маркалы мұнайдың шілде айындағы фьючерстері 76,53 долларға дейін төмендеді. Бұл алдыңғы көрсеткіштен 7 цент аз. Тамыз айындағы фьючерстік келісімшарт та 55 цент арзандап, бір баррелі 75,30 доллар болды.
Сонымен қатар ресейлік Urals маркалы мұнайдың бір баррелі 66,58 доллардан сатылып жатыр.
Еске салайық, АҚШ пен Иран арасындағы тікелей келіссөздер 21 маусымда Швейцарияда өтті.
Кездесу Иран тарапы Израильдің Ливанның оңтүстігіне жасаған шабуылдарына байланысты Ормуз бұғазын жабатынын мәлімдегеніне қарамастан ұйымдастырылды.
Алайда кейін Иран делегациясы АҚШ президенті Дональд Трамп қоқан-лоққы сипатындағы мәлімдемелері үшін ресми кешірім сұрамайынша, Вашингтонмен келіссөздерді қайта жалғастырмайтынын хабарлады.