АҚШ саясатындағы тарихи тұлға Нэнси Пелоси отставкаға кетеді
АСТАНА. KAZINFORM — АҚШ Өкілдер палатасының спикері қызметін алғаш атқарған әйел, демократ Нэнси Пелоси 2026 жылғы Конгресс сайлауына қатыспайтынын және өкілеттік мерзімі аяқталған соң, 2027 жылы отставкаға кететінін жариялады, деп хабарлайды BBC News.
— Жүрегім толы ризашылықпен, сіздердің өкіліңіз ретінде қызмет ететін соңғы жылымды асыға күтемін, — деді Пелоси сайлаушыларына арнаған видеоүндеуінде.
85 жастағы конгрессвуменнің өкілеттік мерзімі 2027 жылдың қаңтар айының басында аяқталады.
Пелоси Конгресте 38 жыл еңбек етті. Ол алғаш рет 1987 жылы Калифорния штатынан Өкілдер палатасына сайланып, бұл қызметті атқарған алғашқы әйел атанды. Саясаткер спикер лауазымын екі рет иеленді: 2007–2011 және 2019–2023 жылдары.
Калифорния атынан ол Өкілдер палатасына 20 рет қайта сайланған, соңғы рет 2024 жылы.
2022 жылы республикашылдар жеңіске жеткеннен кейін Пелоси спикер қызметінен кеткен еді.
Айта кетелік Конгрестің екі палатасы «Джексон-Вэник» заңының күшін жою туралы заң жобаларын енгізді.