АҚШ-та аптап ыстық салдарынан шамамен 162 миллион адамның өміріне қауіп төніп тұр

АСТАНА.KAZINFORM - АҚШ-та шамамен 162 миллион адам 35 штатты қамтитын аптап ыстық туралы ескерту алды, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің Вашингтондағы тілшісі NBC News-ке сілтеме жасап.

Около 162 миллионов человек находятся в опасности в США из-за жары
Фото: nbcnews.com

Апта соңына дейін аптап ыстық күшейіп, температура 35–40°C (95–104°F) жетуі мүмкін деп болжанды. Адам ағзасының жылуды қалай сезінетінін өлшейтін аптап индексі 40,5–46°C (105–115 градус Фаренгейт) жетуі мүмкін.

Қауіп төніп тұрған қалаларға Бостон, Нью-Йорк, Филадельфия, Балтимор, Вашингтон, Чикаго, Миннеаполис, Сент-Луис, Нэшвилл, Теннесси, Атланта, Орландо, Флорида және Кливленд кіреді.

Ұлттық ауа райы қызметінің мәліметі бойынша, дүйсенбі күні түстен кейін Чикагодағы температура 33°C (91°F) болды, бірақ 39°C (102°F) сияқты сезілді, ең жоғары температура сәрсенбіге дейін 38°C-тан 43°C-қа дейін (100-ден 111°F-қа дейін) болады деп болжанды.

Дейтон, Огайо штатында ең жоғары температура 102°F (38°C) болғаны хабарланды.

Нью-Йорк қаласында жұма күні ең жоғары температура 95°С болады, ал ыстық индексі Фаренгейт бойынша 106 градус (41,1°C) болады деп болжанды. Вашингтон, Колумбия округі және Роли, Солтүстік Каролинада осы аптаның соңында ең жоғары температура 39°C, ал ыстық индексі Фаренгейт бойынша сәйкесінше 108 градус (42,2°C) және 107 градус (41,6°C) болатыны ескертілген.

Бұған дейін Еуропадағы ыстық толқыны 1300-ден астам адамның өліміне себеп болғаны хабарланған болатын.