Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

АҚШ-та біліктілікті жетілдіру еліміздегі денсаулық сақтау бизнесі үшін үлкен қолдау болды - Нұрия Ниязова

АЛМАТЫ. 20 маусым. ҚазАқпарат - АҚШ-та біліктілігін жетілдірген кәсіпкерлердың шекті бағдарламаларына сәйкес нәтижелері әртүрлі болды.

АҚШ-та біліктілікті жетілдіру еліміздегі денсаулық сақтау бизнесі үшін үлкен қолдау болды - Нұрия Ниязова

Бұл туралы бүгін Алматыда «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының «Іскерлік байланыстар» жобасы бойынша қазақстандық кәсіпкерлердің АҚШ-та біліктілікті арттыру шарасының қорытындысына арналған баспасөз мәслихатында айтылды.

«Бізді төменгі және жоғарғы шектегі екі бағдарлама болды. Төменгісі  американдық денсаулық сақтау бизнесімен танысу болса, жоғарғысы бизнес өкілдерімен тіл табысып, серіктестер табу. Сондықтан біздің  нәтижеміз әртүрлі. Жалпы, АҚШ - бизнесте көшбасшы. Олардан үйренетін нәрсе көп. Мәселен өзім американдықтардан жаңа технология алуға келістім. Ол жыл соңында дайын болады», - дейді Жүрек және бас ауруларын емдеу орталығының директоры Бауыржан Омаров. Ал «Cne UniCroup» ЖШС-нің жетекшісі Нұрия Ниязованың айтуынша, олардың бұл сапардан әсері мол. Үйренгені көп. Дегенмен Қазақстандағы медицина мекемелері мен ондағы құрал-жабдықтар әлемдік деңгейде. Білім беру деңгейі де ешкімнен кем емес.

«Әріптестеріме мемлекет «Жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша ұсынып  отырған мұндай мүмкіндікті құр жібермейік, дегім келеді. Бізге ешкім озық технологиясын әкеп бермейді. Оны елге өзіміз енгізейік. Жаңа идеялар алу үшін шетелдік әріптестермен серіктес болудың пайдасы мол. Бизнестегі негізгі мәселе - оның нәтижесі», - дейді Н.Ниязова.