Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

АҚШ-та дауылға байланысты 2000-нан астам рейс тоқтады

АСТАНА.KAZINFORM - АҚШ-та 2000-нан астам ішкі рейс тоқтатылды. Ал 5000 халықаралық рейс кейінге қалдырылды, деп хабарлайды FOX Business.

а
Фото: abc7.com

Сейсенбі күні АҚШ-тың солтүстік-шығысындағы кейбір аймақтарда жойқын дауыл су тасқыны мен торнадоға ұласуы мүмкін екені ескертілді.

Метеорологтар мен төтенше жағдайлар қызметі екі торнадо тіркелгенін хабарлады. Оның біреуі Пенсильванияның солтүстік-шығысында, екіншісі Нью-Джерсидің солтүстігінде.

Нью-Йорк, Бостон, Филадельфия және Вашингтон әуежайларында жұмыс тоқтатылды.

Федералды авиация әкімшілігі найзағайға байланысты кем дегенде  АҚШ-тың сегіз әуежайында, соның ішінде Балтимор-Вашингтон халықаралық әуежайында (Мэриленд), Бостон Логан халықаралық әуежайында (Массачусетс), Ньюарк Либерти халықаралық әуежайында (Нью-Джерси), Тетерборо әуежайы (Нью-Джерси), ЛаГуардия әуежайы (Нью-Йорк), Вестчестер округінің әуежайы (Нью-Йорк), Филадельфия халықаралық әуежайы (Пенсильвания), Рональд Рейган атындағы Вашингтон ұлттық әуежайы (Вирджиния) және Вашингтон Даллес халықаралық әуежайында (Вирджиния) ұшуды тоқтататынын жариялады.

Нью-Йорк қаласында шамамен 600 рейс тоқтатылды, ал 500-ден астам рейс кешіктірілді.

Дауыл күшейген сайын бұл сандар артуы мүмкін.

Әуе компаниялары рейсі тоқтатылған жолаушылар жексенбіге дейін билеттерін қайта брондай алатынын немесе ақшасын қайтарып ала алатынын мәлімдеді.

Бұған дейін Калифорниядағы орман өрті 650 гектар аумақты шарпығанын хабарлаған едік.