АҚШ-та медиамагнат Руперт Мердоктың мұрасы үшін күрес жүріп жатыр

АСТАНА.KAZINFORM – АҚШ-тағы ірі Fox Corp және News Corp басшысы Руперт Мердоктың мұрасына ұлдары таласып жатыр. Медиамагнат бастапқы өсиет шарттарын өзгертіп, төрт ұлына бөліп беретін мұрасын үлкен ұлына табыстауды ұйғарған. Бұл даулы сот процестеріне себеп болды, деп жазады Business Standard. 

Мердок
Фото: KAWNAT HAJU/AFP

Мердоктың медиа-империяны бақылауды Fox бас директоры және News Corp төрағасы – үлкен ұлы Лахланға беру әрекеті туралы жарыссөз аяқталды. Бұл шешімге қыздары Пруденс пен Элизабет, ұлы Джеймс қарсы шықты. 

Невада штаты Рено қаласының мұрагерлік істер жөніндегі комиссары соттың соңғы шешімін күту үшін миллиардер мен балаларын қалдырып, үкім шығарған жоқ. Сот отырысы жабық өтті. 

Талас Fox Corp-тағы сияқты (Fox News бас компаниясы) News Corp және оның көптеген холдингінің арасында Wall Street Journal және Times of London-да 40%-ға жуық акцияға иелік ететін 93 жастағы Мердоктың отбасылық сенімі қорына байланысты жүріп жатыр. 

Маусым айында Неваданың мұрагерлік істер жөніндегі комиссары егер Р. Мердок бұны адал ниетпен және мұрагерлерінің мүддесі үшін жасаса, өсиетін әлі де өзгерте алады деп шешті. Мердок бұл өзгеріс оның барлық алты баласына пайдалы болады деп сендірді. Өйткені бұл Лахланның саяси либералды бауырлары – Пруденс, Элизабет және Джеймске Fox News-ті барынша пайдалы етуге мүмкіндік бермейді. Осылайша оның консервативті медиа бренд ретіндегі құндылығына нұқсан келтіреді.

Үлкен үш баласы бұл өзгеріс сенім қорының бастапқы шарттарын бұзғанын айтып, әкесін сотқа беру туралы шешім қабылдады. 

Соңғы жаңалықтар