Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

АҚШ жалған неке схемасымен грин-карта таратқан 11 адамды жауапқа тартты

 АСТАНА.KAZINFORM - АҚШ Әділет министрлігі Қытай мен АҚШ азаматтары арасында 1000-нан астам жалған неке ұйымдастырып, ауқымды алаяқтық схемаға қатысқан 11 адамға қарсы қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды CBS News.

Схему фиктивных браков для получения грин-карт раскрыли в США
Фото: Daryo

Нью-Йорктің Оңтүстік округінде берілген 21 беттік айыптау актісіне сәйкес, 2016 жылы басталған неке схемасын айыпталушылар Эми Чен, Сяо Мэй Чан және Ган Чжэн ұйымдастырған.

Айыптау актісіне сәйкес, жалған неке Қытай азаматтарына АҚШ-та грин- карта алуға көмектесу үшін жүргізілген. Құжатта шетелдік азаматтар жалған некелерді ұйымдастыруға және грин-карталарға өтініш беруге көмектесу үшін делдалдарға 100 000 долларға дейін ақша төлегені айтылады.

Алаяқтыққа қатысқан делдалдардың өздері шамамен 5000 доллар комиссия алған.

Қылмыстық схема АҚШ бойынша және одан тыс жерлерде, Коннектикут, Массачусетс, Пенсильвания, Кентукки, Теннесси, Джорджия және Флорида сияқты штаттарда, сондай-ақ Вануату мен Қытай Халық Республикасында жұмыс істеді.

Бұған дейін АҚШ-та грин-картаға өтініш беру тәртібі өзгеретіні хабарланған.